Сенат спикері Дариға Назарбаева бұл функцияны «Атамекеннен» алып, мемлекетке қайтаруды ұсынып отыр. Өйткені кәсіпкерлер палатасына шағымданушы бизнесмендер көп. Айтуларынша сертификатты алу процесі тым күрделі, әрі ұзақ. Екі-үш ай уақыт қажет екен. Сондықтан маңызды құжатты беру міндетін мемлекетке қайтару жайы сөз болып жатыр. Жалпы индустриалды сертификат отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік сатып алуларға қатысып, өнімін экспорттау үшін қажет. Яғни ол кәсіпорынның төлқұжатты іспетті. Онсыз бизнесмендер сатып алуларға қатысып, тауарын шетелге шығара алмайды. Сондықтан Дариға Назарбаева сертификат беруді барынша жеңілдету керек деп отыр. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына да жол ашпақ.
Досжан Маратұлы