Интернеттегі маска саудасына қатысты тексеру жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернеттегі маска саудасына қатысты тексеру жүріп жатыр

04.03.2020

Интернеттегі маска саудасына қатысты тексеру жүріп жатыр. Дәріханалардағы масканы жаппай сатып алып, бағасын өсіріп, қайта саудалағандар анықталады. Бұл туралы бүгін Дәрілік заттар және медициналық бұйымдарды сараптау орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев мәлімдеді. Жұрттты дүрбелеңге салған тапшылық осыдан туындаған. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі дәріханалардың көп маска сатуына тыйым сала алмайды. Бірақ ұсыныс жасап жатыр. Бір адамға енді 10 бетперде ғана сатылуы мүмкін. Арнайы штаб құрылды.

Мамандардың айтуынша, масканың аурудан сақтайтынына кепілдік жоқ. Керісінше, сау адамға вирус жұқтыруы мүмкін. Себебі оны көпшілік дұрыс пайдаланбайды. Қолымен ұстап, қозғайды. Сондықтан бетпердені тек науқас адам кигені дұрыс. Ал дені сау азаматтар гигиеналық тазалыққа мән беруі керек.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу