Қызметкері парамен ұсталса, басшысы жұмыстан кетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызметкері парамен ұсталса, басшысы жұмыстан кетеді

04.03.2020

Жемқорларға жаңа жаза. Бұдан былай парамен ұсталған жұмыскер үшін басшы да жұмыстан кетеді. Бүгін мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік өкілдері осы мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген өзгерістерді таныстырды.

Өзгерістің өзектісі мынау - қызметшісі пара алған басшы сот үкімінен кейін 10 күннің ішінде өз еркімен қызметтен босатылуы туралы өтініш жазуы тиіс. Мұндай талап басшының бәріне бірдей қойылмайды. Тек жұмысқа кіріскеніне үш ай болған жетекшіге әрі заң күшіне енген күннен кейін болған жемқорлық фактілеріне қатысты.

Сонымен, жұмыскер парамен ұсталса отставкаға кімдер кетеді? Мұқият қарап алыңыз. Тізімнің басында аудан және қала әкімдері тұр. Бұл тәртіп облыс және ірі қалалардың әкімдеріне қатысты. Тіпті, министрлер мен агенттік төрағалары, президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың төрағалары. Ал сол министрлер, қала және облыс әкімдерінің өздері жемқорлықпен ұсталса ше?

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу