Коронавирустың орталық жүйке жүйесіне әсер ететіні анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың орталық жүйке жүйесіне әсер ететіні анықталды

05.03.2020
Коронавирустың орталық жүйке жүйесіне әсер ететіні анықталды

Қытайдағы «Дитан» ауруханасының дәрігерлері коронавирустың орталық жүйке жүйесіне әсер ететінін мәлімдеді. 

12 қаңтар-3 наурыз аралығында аталған ауруханаға коронавирус жұқтырған 150 науқас жатқызылған. Алайда олардың біреуіне COVID-19 вирусымен қатар, энцефалит жұқтырды деген диагноз қойылды. Осы сәтте дәрігерлер вирустың бауыр мен бүйректі ғана емес, орталық жүйке жүйесін де зақымдайтынын анықтаған. 

Нақтырақ айтқанда, 56 жастағы науқастың жұлын ми сұйықтығын зерттеу кезінде одан COVID-19 геномы табылған. Осылайша науқасқа вирусты энцефалит диагнозы қойылып, 14 күн жасанды тыныс алу аппаратына жатқызылған. Содан кейін ғана науқастың жағдайы жақсарып, жүйке ауруының белгілері кеткен. 

Сонымен қатар, коронавирус L және S түрі болып екіге бөлінеді. L түрі S-тің мутациясынан пайда болған. Яғни, аурудың алғашқы қоздырғышы. Қытай ғалымдары осындай тұжырым жасады. Олардың айтуынша, S түрі науқастардың 30 пайызында анықталған.

Әлем бойынша коронавирустан қаза тапқандар саны 3284-ке жетті. 95 169 мың адам дертке шалдыққан. 53,276 мың науқас емделіп, ауруханадан шығарылған.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу