Қазақстанда ай сайын 446 мың теңге зейнетақы алатындар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ай сайын 446 мың теңге зейнетақы алатындар бар

05.03.2020
Қазақстанда ай сайын 446 мың теңге зейнетақы алатындар бар

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 100 мың теңгеден асты. Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Қаңтар айында қор салымшыларына 17,9 миллиард теңге төленді. Оның ішінде зейнет жасына толуға байланысты – 7,4 млрд, Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 4,8 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 2,6 млрд теңге, мұрагерлік бойынша – 2,5 млрд теңге, жерлеуге байланысты – 311 млн теңге, мүгедектігі бар жандарға 200 млн теңге төленді.

«БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 100 803 теңге болды. Бұл сомаға кесте бойынша төлемдер, сонымен қатар зейнет жасы, шетелге тұрақты тұруға кету, жерлеу, мүгедектік, мұрагерлік және сот шешімі бойынша біржолғы төлемдер кіреді. Ал кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 21 810 теңгені, ай сайынғы ең жоғары төлем 446 794 теңгені құрады»,- делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу