Коронавирусқа қатысты аймақтарда сақтық шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қатысты аймақтарда сақтық шаралары күшейтілді

05.03.2020

Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде коронавирустың алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр. Әр аймақта жұқпалы дерттің таралуына жол бермеу үшін іс-шаралар жоспары бекітілген. Арнайы құрылған штаб құрамына, барлық медицина мекемелері мен атқарушы билік органдары кірді.

Қостанайда қауіпті инфекцияның алдын–алу жұмыстарын үйлестіруші арнайы штаб жасақталған. Індет таралғалы бері облыста Қытайдан келген 115 адам екі апта бақылауда болды.

Ал, Жамбыл облысында карантинге жатқызылғандар жоқ.

Ақтауда бүгіннен бастап, Әзербайжан бағытындағы әуе рейстері қысқарды. Қазір карантинге Ираннан келген 18 адам жатқызылған. Олардың үшеуі қазақстандық.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі жуық арада жергілікті жеңілөнеркәсіп өндірістері 500 мың бетперде дайындайтынын айтты.

Бұған қоса өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін мәдени және спорттық шаралар толығымен тоқтатылды.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу