Елімізде 150 мыңға жуық жұмыс орны бос тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 150 мыңға жуық жұмыс орны бос тұр

05.03.2020

Осы жемқорлықтың кесірінен жұмысқа кіре алмай жатқандар да көп. Бүгінгі таңда елімізде 150 мыңға жуық жұмыс орны бос тұр. Техникалық сала мандардары ғана емес, қарапайым жұмысшылар да табылмай жатыр. Солай бола тұра, екі қолға бір күрек таппай жүргендер саны 250 мыңнан асады.

Ат төбеліндей Аягөз ауданның өзіне 60-тан астам маман қажет. Әсіресе мұғалім жетпейді.

Жұмыс табуға көз қысты бармақ басты әрекеттер ғана емес маман дайындауда еңбек нарығының ескерілмеуі де себеп. Яғни, әлі де сұраныс ұсыныс сай емес. Жалақының аздығы да кадр тұрақсыздығына әкеліп отыр.

Мәселені шешу үшін өңірлер маман тартудың түрлі тәсілдерін қолдануға бар. Мысалы, Павлодарда 9 қабатты 2 үйдің құрылысы басталды. Құлшынған жанға қажет жұмыс та, жайлы тұрмыс та ұсынылып отыр. Балалары мектепке, балабақшаға орналастырылады. Қоғамдық көлікте тегін жүреді. Қазір өңірде 5500- ге жуық жұмыс орны бар.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу