Қазақстанда 14 шаһар қала мәртебесінен айырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 14 шаһар қала мәртебесінен айырылады

06.03.2020
Қазақстанда 14 шаһар қала мәртебесінен айырылады

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында айтылған. 

«Кейбір аудандық маңызы бар қалалардың халық саны, экономика құрылымы және өмір сүру жағдайлары ауылдық елді мекендерден еш айырмашылығы жоқ болғандықтан, олардың мәртебесін өзгерту мәселесі туындап отыр. Халық саны бойынша өз мәртебесіне сай келмейтін елімізде мұндай 14 қала (Ақмола облысында – 3 қала, ШҚО-да – 2, Қарағанды облысында – 2, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында - 1, СҚО-да - 2) бар», - деді Үкімет басшысы.

Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі «Қалалық, аудандық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп жатыр. Заң жобасы Парламентке 2020 жылдың қыркүйегінде жолданады.


Хабарламаларға жазылу