0:00:00
0:00:00
Кремльде өткен екі ел президенттерінің кездесуі 6 сағатқа созылған. Ердоған мен Путин қабылдаған құжатқа сәйкес, Идлибтегі шабуылдар бүгін түнде тоқтайды. Сонымен қатар, Сириядағы М4 күрежолының солтүстігі мен оңтүстігінде 6 шақырымдық қауіпсіз аймақ құрылмақ. Ал, наурыздың 15-нен бастап сол тасжолды Мәскеу мен Анкара бірлесіп бақылайды. Әрі екі ел Президенттері Сирия дағдарысын реттеуді Астана процесінде жалғастыруға келісті.
Индира БЕГАЙДАР