Митингілер туралы әзірленіп жатқан заң жобасынан жас шектеуі алынып тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Митингілер туралы әзірленіп жатқан заң жобасынан жас шектеуі алынып тасталды

06.03.2020

Бейбіт жиындар мен митингілер туралы әзірленіп жатқан заң жобасынан жас шектеуі алынып тасталды. Бұл 18 жасқа толмаған балалар да оған қатыса алады деген сөз. Жаңа өзгеріс балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкес жасалып отыр. Алайда кәмілет жасына толмаған балаларды өз еркінен тыс алып келгендерге заңмен жауапкершілік қарастырылған. Елордада Дәурен Абаев құжатты талқылау үшін халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Министр ең басты өзгеріс бейбіт жиындарға рұқсат беру тәртібі мен хабарлау тәртібінің өзгеріп жатқанын айтты. Сондай-ақ құжатта бейбіт шеру, митинг, пикет және түрлі жиындарды өткізудің тәртібінен өзге, оған қатысушы тараптардың құқықтары нақтыланған. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу