Павлодарда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылық білдірді

06.03.2020

Павлодарда жолаушы тасымалдаушы екі ірі кәсіпорынның жүргізушілері жұмысқа шықпай қойып, жолаушылар біраз әбігерге түсті. Автобустар тек түске таман қозғалды. Естеріңізге сала кетейік, автопарк иелері наурыздан бастап қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүретін жолаушыларды тегін немесе жеңілдікпен тасымалдаудан бас тартпақ болғанын бұған дейінгі хабарларымызда айтқанбыз. Мәселен, қала әкімінің араласуымен тараптар мамыр айына дейін осы тәртіп сақталатынын айтып келіскен. Ал бүгін тура осы талап жүргізушілер мен кондукторлар тарапынан жария етілді.

Жеңілдік қарастырылған 7 санатқа кіретін жолаушыларды тасымалдау бюджет тарапынан субсидияланады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, автопарк иелері ол қаржыны азсынып, әкімшілік тарапынан қосымша қаржы бөлінсе деп отыр.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу