Бейбіт жиындарға 18 жасқа толмаған балалар да қатыса алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт жиындарға 18 жасқа толмаған балалар да қатыса алады

06.03.2020

Бейбіт жиындар мен митингілер туралы әзірленіп жатқан заң жобасынан жас шектеуі алынып тасталды. Бұл 18 жасқа толмаған балалар да оған қатыса алады деген сөз. Жаңа өзгеріс балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкес жасалып отыр. Алайда кәмелет жасына толмаған балаларды өз еркінен тыс алып келгендерге заңмен жауапкершілік қарастырылған. Елордада Дәурен Абаев құжатты талқылау үшін халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Олардың арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ЮСЭЙД, Біріккен Ұлттар ұйымы және бірқатар елдер елшілігінің өкілдері бар. Министр ең басты өзгеріс бейбіт жиындарға рұқсат беру тәртібі мен хабарлау тәртібінің өзгеріп жатқанын айтты. Сондай-ақ құжатта бейбіт шеру, митинг, пикет және түрлі жиындарды өткізудің тәртібінен өзге, оған қатысушы тараптардың құқықтары нақтыланған. Халықаралық сарапшылар да құжатты әзірлеу барысында атқарылған жұмысқа оң бағасын берді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу