Елдегі көлік бақылау бекеттерінің жұмысын автоматтандыру керек. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай ұсыныс айтты. Өйткені жолдағы жемқорлық тыйылмай тұр. Әсіресе, көлік бақылау пунктінен шамадан тыс жүк тиеген камаз жүргізушілері пара беріп, оп-оңай өтіп кететінін айтады агенттік қызметкерлері. Бұл бюджеттің миллиардтарына салынған жолдың сапасына кері әсер етіп жатыр. Сондықтан жүргізілген рейд барысында осындай 200-ден астам дерек анықталды. Көлік бақылау инспекциясының 14 қызметкері ұсталған.
Досжан МАРАТҰЛЫ