Ал мектептерде смартфондар мен планшеттерді қолдануға тиым салынуы мүмкін. Парламент депутаты сауалына Премьер-Министр осылай жауап берген. Үкімет басшысы мұндай шектеу қою заңда қарастырылғанын әрі сегіз өңірде қазіргі таңда тек батырмалы телефон ұстауға ғана рұқсат етілгенін жеткізген. Сондай-ақ хатта қолданыстағы нормативті актілер мен білім ошағының жарғысы аясында оқушылар мен ата-аналарға орта білім ошақтарында гаджеттерді қолдануға тиым салу жоспарланып отырғаны айтылған.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ