Президент Twitter-дегі парағында әйелдерді мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Twitter-дегі парағында әйелдерді мерекесімен құттықтады

08.03.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді твиттердегі парағында мерекесімен құттықтады. Ал апта басында желіде: «Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қ. жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр», - деп жазды. Вирустың әзірге әл бермей отырғаны расында, сақтық шараларына қатты мән беруге итермелейді.

Екінші жағынан, кеңес одағы өзінің идеологиясына жақсы пайдаланғаннан кейін бе, бір топ әйелді жиып алып, қабылдау өткізу, концерт қою – әрбір әйелдің, әрбір ананың құрметке лайық екенін ескерсек, көпшілік үшін маңызы жоқ, ескірген дәстүр сияқты көрінеді. Субъективті пікір, әрине.

Сонымен, еліміздің ірі қалалары мен аймақтарында коронавирус таралу қаупіне байланысты көпшілікке арналған шаралар қысқартылып немесе кейінге ысырылып жатыр. Оның ішінде бүгінгі мейрам да бар. Дегенмен коронавирус туралы сәл кейін.


Хабарламаларға жазылу