37 жылқыны пойыз басып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

37 жылқыны пойыз басып кетті

09.03.2020
37 жылқыны пойыз басып кетті

Көкшетау станциясындағы теміржолда машинист 37 жылқыны басып кетті. 

7 наурыз күні сағат 04:55-те Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөліміне Қарағай–Уголки аралығында жүк пойызының машинисі теміржол төсемінде үй жануарының болуына байланысты шұғыл тежегішті қолданып, 37 жылқыны қағып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша оқиға орнына Көкшетау станциясындағы жергілікті полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобы шықты. 

Жылқылардың иесі кім екені анықталды. Ақмола облысының 43 жастағы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 559-бабының 1 бөлігі, яғни темiр жолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

polisia.kz

Хабарламаларға жазылу