Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жекешеленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жекешеленеді

17.10.2017

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі келесі жылдың соңына дейін жекешелендіріледі. Қазір ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Аталған банк жекешелендірудің екінші кезеңінің тізіміне кірген топ 60  нысанның бірі.  Биыл жыл соңына дейін ипотекалық несиелендіру мен қаржы нарығындағы тәжірибесі бар ірі инвесторлармен кездесулер өткізу жоспарланған. 

Жалпы, жекешелендіру бағдарламасы бойынша биыл 473 нысанды жеке секторға беру жоспарланған. Қазір оның 100-ден астамы сатылған. Қалғаны сатылу процесінде немесе енді шығарылады. Қаржы министрлігі биылғы бюджеттің шығыс бөлігіндегі өзгерістер туралы да хабардар етті. Оның ішінде Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсетуге бөлінген қаржы да бар.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

 - Олардың ішінде ірі бағыттарды атап өтсек, әскерилер мен ІІМ органдарының, депутаттардың жалақысын көтеруге 33 млрд. теңге көзделген. Қол жеткізілген екі жақты және ратификацияланған  рәсімге сәйкес Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсетуге 14 млрд теңге, көрмеден кейінгі іс-шараларды өткізуге және «ЭКСПО» аумағында офистерді дайындауға 2 млрд теңге қаражат көзделген.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу