Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Асхат Дауылбаевты ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулы қабылдады.
Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы ҚР Конституциялық Кеңес мүшесін қызметке тағайындайды.
«Конституцияға сәйкес, біз Асхат Дауылбаевты Конституциялық Кеңес мүшесі қызметіне тағайындаған болатынбыз. Бүгін оның өкілеттік мерзімі аяқталды. Осыған байланысты Ата Заңға сәйкес, А.Дауылбаевтың кандидатурасын қайта тағайындау үшін ұсынып отырмын», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Депутаттар кандитураны қолдады.
Асхат Дауылбаев 2016 жылдың сәуірінде осы қызметке тағайындалған болатын. Ал 2011- 2016 жылдары Қазақстанның Бас прокуроры қызметін атқарды.