ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев Қордай ауданында болған оқиғаны тергеу амалдарына қатысты түсінік берді.
«Қордай ауданындағы оқиға бойынша 5 адам ұсталды. Оның екеуі бұзақылық жасап, ересек адамды ұрып-соққаны үшін, полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталды. Бұл мәселе БАҚ-та жарияланды», - деді Б.Дембаев.
Сонымен қатар ол ғимаратты өрттеу, адам өлтіру фактісіне қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын атап өтті.
«Күдіктілерді ұстау шаралары жүргізілмеді. Себебі іс материалдары өте көп», - деді ол.
Бұл тұрғыда ол күдіктілер әлі де анықталмағанын атап өтті.
«Әзірге күдіктілер анықталған жоқ. Видео материалдардың барлығы қамтылып, қаралып жатыр. Осыдан кейін шешім қабылданады», - деді Болат Дембаев.