Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі Президенттің тұрақты бақылауында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі Президенттің тұрақты бақылауында

11.03.2020
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі Президенттің тұрақты бақылауында

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Қасым-Жомарт Тоқаев жақында елімізге сапармен келген Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі Ян Цзечимен әңгімелесу барысында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына қатысты мәселені тағы да көтерді. Қазақстан Президенті былтырғы қыркүйек айында Бейжіңге жасаған сапарында ҚХР басшылығын Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне гуманизммен қарап, оны Қазақстанға қайтару мәселесіне ықпал етуге шақырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыртқы істер министрлігі мен құқық қорғау органдарына қытайлық әріптестерімен өзара іс-қимылдарды жалғастыруды тапсырды. Бұл іс Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында», - деп жазды ол.

Хабарламаларға жазылу