Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалына Елордадан арнайы ғимарат беріледі. Көптен бері түйіні тарқалмай келген проблема бүгін Елбасының Ресейге жұмыс сапары барысында шешілді. Сонымен қатар, кешелі бері Мәскеуде «Н.Назарбаев - еуразия интеграциясының сәулетшісі» атты көшпелі көрме өтіп жатыр. Тұңғыш Президент құнды мұралар қойылған көрмеге де барды.
Шараның дәл осы университетте өтуі кездейсоқ емес. Осыдан тура 26 жыл бұрын тап осы ғимаратта Елбасы еуразиялық интеграция идеясын ұсынған.
Көпшілік назараына 700-ге жуық эскпозиция ұсынылған. Онда мұрағат материалдары, кітаптар мен фото-бейнематериалдар бар.
Көрмеден соң Елбасы осы университет ректоры Виктор Садовничимен кездесіп, тараптар бірқатар түйткілдерді талқылады.
Елбасы университет қабырғасындағы музейге де соқты. Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ