Әлемдік қор биржа көрсеткіштері артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік қор биржа көрсеткіштері артуда

11.03.2020

Әлемде мұнай бағасының өсуімен, биржа көрсеткіштері де артып келеді. Оған мемлекеттердің коронавирусқа қарсы қабылдаған шаралары да әсер етіп жатыр. Бүгін Еуропалық қор индекстері 2,7 пайызға өскен.  

Ұлыбританияда Англия банкі базалық мөлшерлемесін шамамен 2 пайызға азайтты. Бұл – Лондон биржасындағы құнды қағазадар бағасының өсуіне ықпал етті. Қаржы ұйымы мұндай шешімді қиын кезеңде бизнеске қолдау көрсету мақсатында қабылдаған.

Сейсенбідегі сәтсіздіктен кейін Мәскеу биржасында да сәл өсім байқалды. Дегенмен, Ресей валютасы кешегі құлдыраудан шыға алмай, әлі құбылып тұр. Мамандар мұндай құбылыс алдағы күндері сақталуы мүмкін дейді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу