Елдегі ЖОО мен колледждер қашықтан оқуға көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі ЖОО мен колледждер қашықтан оқуға көшеді

12.03.2020

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының есігі 16- наурыздан бастап жабылады. Студенттер таратылады. Себеп – коронавирус. Бірақ бұл білім алудан қол үзеді деген сөз емес. Сабақ қашықтан оқытылады.

Еліміздегі студенттердің 3-тен бірі Алматыда білім алады. Мегаполисте 43 университет, 80-нен аса колледж бар. Сондағы 130 мыңға жуық жас дүйсенбіден бастап сабақты онлайн оқиды. Жалпы жоғары оқу орындарына қашықтан оқыту жүйесі енгізілген. Алайда бір мезетте көшіру алғаш рет болайын деп тұр.

Ал сала министрі интернет желісі желден жүйрік екенін айтады. Тестілеу, тексеру ісі 2 ай бұрын пысықталған. Платонус сондай ашық алаңның бірі. Елордадағы іргелі Еуразия ұлттық университетінің 15 мыңнан аса студенті, 3000 магистрі мен 1000 доктаранты осы жүйеге тіркелген.

Студенттер онлайн оқытуды пайдаланып үйлеріне қайта ма, я қала ма ерік өздерінде.

Сонымен дүйсенбіден бастап барлық студент онлайн білім алуға көшеді. Ал олардың елдегі саны бір жарым миллион.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу