Павлодар облысы аумағында Ресей мен Монғолияға медициналық маскаларды заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Олар 160 мыңға жуық масканы жеңіл көлікке тиеген. Тіпті, шайдың қорабына салып, жасырған. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бұдан өзге 4 бірдей деректі анықтады. Бетперделердің бәрі Нұр-Сұлтан қаласынан тиелген.
Болат АМАНБАЕВ