Бельгияда коронавирустан 3 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда коронавирустан 3 адам қайтыс болды

12.03.2020
Бельгияда коронавирустан 3 адам қайтыс болды

Бельгияда коронавирустан 3 адам қайтыс болды. Бүгін вирус жұқтырған тағы 34 адам анықталды. Соңғы мәлімет бойынша елде қазір 399 адам індеттің құрығына ілінген. Жағдайдың одан әрі ушығуынан сескенген билік сақтық шараларын қолға алды.

Коронавирустан қайтыс болған 3 адамның үшеуі де 70 пен 90 жас аралығындағы қариялар. Бүгін Брюссельдегі қарттар үйінен тағы 34 адамнан вирус анықталды. Осы оқиғадан кейін елдегі барлық қарттар үйіне баруға тыйым салынды.

Егер Бельгияда вирус өршитін болса, медициналық бетперде тапшылығы туындайтынын айтты биліктегілер. Себебі елде бетперде шығаратын өндіріс орны жоқ. Шетелден 10 миллион маскаға тапсырыс берген. Осы жұмада жетуі тиіс. Мектептерде, университеттерде сабақ тоқтатылған жоқ.

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу