Әлемдік мұнай бағасының құлдырауы шетелдік валюталарға да ықпалын тигізді. Соның ішінде төл теңгемізді де теңселтті. Бүгін Қазақстанның валюта нарығында жаңа рекорд орнап, 1 доллар 400 теңгеден асып кетті. Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде таңертең АҚШ валютасы 400 теңге 20 тиыннан бастап, артынша 400 теңге 50 тиынға саудаланды. Ал Қазақстан қор биржасында таңғы сессия бойынша доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамы 398,6 теңге болып, кешкілік 399, 77 теңгеге тұрақтады. Ұлттық банк 13 наурызға доллар бағамын белгіледі. Ертеңгі ресми курс - 399, 24 теңге.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ