Бейбіт митинг өткізуге рұқсат алудың қажеті жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт митинг өткізуге рұқсат алудың қажеті жоқ

12.03.2020

Қазақстанда бейбіт митинг өткізуге рұқсат алудың қажеті жоқ. Екі апта бұрын жергілікті атқарушы органды ескертсе жеткілікті. Мәжілісте бейбіт шерулерді өткізу тәртібі бойынша заң жобасы таныстырылды.

Заң жобасы Мәжіліске дейін жер-жерлерде жан-жақты талқыдан өтті. Қауіпсіздік мақсатында митингіні ұйымдастырушыларға нақты алты талап қойылады. Атап айтар болсақ, конституция құрылымын күштеп өзгертпеуі, басқа адамдың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі, ұлттық, нәсілдік, рулық араздықты қоздырмауы шарт. Егер бұл шарттар орындалмаса, шеру өткізуге рұқсат етілмейді.

Соңғы жасалған әлеуметтік сауалнамаға қатарағанда халықтың 90 пайызы шеруше шығуға құлықты емес. Басты себеп — қауіпсіздік. Оның ішінде халықтың бір бөлігі митингілердің соңғы мәселені шешкенен көрі, күрделендіре түседі деп санайды екен. Сондықтан қоғам талқысынан өткен құжатты енді депутаттар жіті зерделемек.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу