БҰҰ Хатшылығы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Бұл туралы Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Туристерге арналған барлық экскурсиялар тоқтатылды, ғимаратқа дезинфекциялық сұйықтықтары бар қондырғылар орнатылды. Инфекцияның таралу қаупін азайту бойынша шаралар қабылдануда. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бүгін БҰҰ штаб-пәтерінде 16 наурыздан бастап сәуір айының соңына дейін барлық сайд-ивенттерді (ілеспе іс-шараларды) алып тастады. Хатшылықтың қызметкерлері аптасына үш күнге дейін (ауруға жоғары қаупі бар адамдарға -5 күнге дейін) қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. БҰҰ ұйымдарының көптеген ресми отырысы қысқартылған режимге көшеді немесе қашықтықтан өтеді»,-деп жазды Әнуар Жайнақов.