Экономикаға серпін беру үшін мемлекеттер түрлі шара қабылдауда. Дегенмен, әзірге жағдай оңалар емес.
АҚШ-та негізгі қор индекстері 9 пайыздан астамын жоғалтты. Бұл – 1987 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш. Нью-Йорк биржасында индекстердің күрт төмендеуінен осы аптада екінші рет сауда уақытша тоқтатылды.
Америкалық акциялардың құлдырауы Еуропа биржасына да әсер етті. Британияның басты қор индексі 10 пайызға төмендеп, экономикаға 160 миллиард фунт шығын келді. Франция мен Германияда құнды қағаздар бағасы 12 пайызға түсті.
Азия нарығында да осындай жағдай. Жапониялық негізгі қор индексі бір күнде 4,4 пайызға кеміді. Жалпы осы аптада әлемдік қор нарығының көрсеткіштері 20 пайызға құлдырады. Мамандар мұны рецессияның бастауы деп болжап отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ