Қара және түсті металл сынықтарын экспорттауға тыйым салу туралы заң қабылданбауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара және түсті металл сынықтарын экспорттауға тыйым салу туралы заң қабылданбауы мүмкін

13.03.2020

Қара және түсті металл сынықтарын экспорттауға тыйым салу туралы заң жобасы 100 мыңға жуық адамды жұмыссыз қалдыруы, әрі осы саладағы контрабанданы күшейтуі мүмкін. Бұл туралы «Қайталама металлургия өнеркәсіп иелерінің республикалық одағы» мүшелері мәлімдеді. Бұған дейін жауапты министрлік тарапынан 2013-2017 жылдары экспортқа тыйым салынған еді. Ондағы мақсат - шикізат жетіспеушлігін азайтып, елдегі металлургиялық зауыттарды металл сынықтармен қамтамасыз ету. Алайда, отандық зауыттар жыл сайын жиналатын 3 млн тонна шикізаттың тек 1 млн тоннасын ғана өңдеуге қауқарлы. Экспортқа тыйым салудың арқасында металлургиялық зауыттар шикізатты 3 есе арзан бағамен сатып алып келген. Аталған заң арқылы металлургиялық зауыттар нарықта монополиялық үстемдігін орнатпақ дейді қауымдастық мүшелері.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК

Хабарламаларға жазылу