Алматыда әліпбидің қорытынды нұсқасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әліпбидің қорытынды нұсқасы талқыланды

13.03.2020

Ғалымдардың сөзінше, латын әліпбиіне көшу реформасы ең жауапты әрі ең соңғы кезеңге жақын қалды. 

Елімізде ұзақ уақыт бойы қызу талқыланып келе жатқан тарихи бетбұрыс жай ғана тілдік реформа емес, рухани сананың жаңғыруы екенін айтқан ғалымдар, негізгі төрт мәселені жіпке тізіп, өз ойларын ортаға салды. Тіл мамандары әліпбиде қазақтың төл дыбыстары, яғни 19 дауысты, 9 дауыссыз дыбыс жеке-жеке таңбалармен көрініс табуы керек деп есептейді. Одан бөлек, жаңа әліпбиде бір дыбыс бір таңбамен берілуге тиіс. Жиын барысында белгілердің сабақтастығы, таңбалардың халықаралық жүйеге сай болуы және қазақ тілінің табиғатына сай реттіліктің сақталуы аса маңызды екендігіне де тоқталды. Салалық министрлік ұсынған әліпби нұсқасында ғалымдардың ұсынысы 80 процентке қабылданған. Сондықтан, бұл жоба әлі де талқылауды қажет етеді. Алдағы уақытта коммиссия өкілдері аталған мәселелер бойынша ортақ пікірге келіп, соңғы нұсқаны ұсынбақшы.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу