Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

13.03.2020

Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазір қаладағы көпшілік жүретін аумақтарда, сауда орындары, мемлекеттік мекемелерде қауіптің алдын алуға, сақтануға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Қала бойынша 466 адам карантинде жатыр.

Алматыда коронавирус анықталған екі адаммен бірге ұшақта ұшып келген және байланыста болған адамдар ауруханаларға жатқызылып жатыр. Дәрігерлер бұл азаматтарда вирустың жеңіл түрі екенін, емделуге мүмкіндік бар екенін айтып отыр. Қазір қала бойынша қазір коронавируске байланысты үш аурухана жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта қосымша төрт мекеме қарастырылады.

Ал қоғамдық көліктер сақтық шараларын күшейтеу мақсатында зарарсыздандыру жұмыстарын бастады. Сондай-ақ әлеуметтік нысандарда да дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді.

Вирусын жұқтырған 2 азаматтың анықталғанын естіген тұрғындар сабыр сақтап, үрей мен қорқынышқа бой алдырып жатқан жоқ. Халық сақтық шаралары туралы ақпаратқа қанық екенін айтады.

Егер тұрғындар «Ковид-19» вирусына тексеріліп, тестілеуден өткісі келсе, тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіне алады. Қан сынамалары алынып, зертханаларда тексеріледі.

Жазира ОРАЗ


Хабарламаларға жазылу