Ерекше қорғалатын аймақтардан  экотуризмді дамыту үшін қосымша жер бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерекше қорғалатын аймақтардан  экотуризмді дамыту үшін қосымша жер бөлінеді

03.11.2017

 

 

Енді ерекше қорғалатын аймақтардан  экотуризмді дамыту үшін қосымша жер учаскелері бөлінеді. Инвесторлардың ұсыныстарын ескере келе, ұлттық парктердің бас жоспарларына талдау жасалды.

 

Туризмнің күрделі құрылыстарын салу үшін бес жүзге жуық жер учаскесі дайын. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін арқарушы  Марлен Айнабеков мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туризмді дамыту үшін арнайы жол картасы дайындалған. Қазір еліміз бойынша 220 туристік бағыт бар.

 

Марлен Айнабеков, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы:  

 

Бізде 12 ұлттық парк бар. Алматы қаласындағы үлкен қалалардың қасындағы парктер жақсы дамып жатыр. Ал,  шеттегі парктер, Жоңғар Алатауында Бұйрантай деген парк бар, сол жерлерді дамытуымыз керек. Өйткені, шетелден келген туристерге ғимарат керек емес. Олар біздің қазақ  үйімізді, салт-дәстүрімізді,  әсем табиғатымызды көруге келеді. 

Хабарламаларға жазылу