Коронавирустан қорғанудың жолдары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан қорғанудың жолдары

13.03.2020

Ал әлемге тарап жатқан коронавирустан қорғанудың жолдарын білеміз бе?

Жер жаһанды коронавирус жайлап жатқанда одан қорғанудың жолдарын білу маңызды. Мұны бірі ескерсе, енді бірі елей бермейді. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға мынаны ескертеді:

Ал егер дене қызуы көтеріліп, жөтел қысса бірден ауруханаға баруға асықпаңыз. Өйткені коронавирус жұқтырған болсаңыз, өзгелерге қауіп төнуі мүмкін. Сол үшін үйден шықпай, жедел жәрдем шақырту керек.

Сондай-ақ ауруға қарсы тұру үшін уақтылы тамақтанып, ұйықтап, спортпен шұғылдану да маңызды. Бұл имунитетті көтереді. Ал медициналық бетпердені негізінен ауырған адам тағуы керек дейді. Бірақ, сау адамға да ол артық етпейді. Ал далада жүргенде оның қажеті жоқ.

Сондай-ақ коронавирусқа қатысты ақпаратты 1406 нөміріне қоңырау шалып білуге болады. Call-орталық 24 сағат бойы жұмыс істейді. Ал жұқпалы аурудан өзіңізді қорғау үшін жоғарыдағы қарапайым ережелерді орындасаңыз жеткілікті.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу