Қаржылық бақылауды Үкімет өзіне алу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржылық бақылауды Үкімет өзіне алу керек

06.11.2017

Жемқорлыққа ең бейім сала - мемлекеттік сатып алудағы құрылыс саласы. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты. Оның айтуынша, конкурстан өту үшін шектен тыс құжаттар талап етіледі. «Енді мемлекеттік сатып алу процесін жеңілдету үшін жұмыстар атқарылып жатыр», деді  министр. Сонымен қатар, ол «Bank RBK» қаржы институтының мәселесін үкіметтегілер, Ұлттық банк пен мемлекеттік сыңайлы сектор біріге отырып шешеді деп уәде берді. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жетілдіру мәселесі талқыланды. Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев қаржылық бақылауды Үкімет өз қолына алуы керек деп есептейді. «Бақылау жүйесін нақтылап, жетілдіріп әрі дұрыс жолға қоя білуіміз керек. Бүгінде тиісті заңды қабылдап, әдіснаманы реттедік, бірақ, осы әлі де болса шоғырландыру мәселеміз толық шешілген жоқ», - деді ол.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазір Ұлттық банктің соңғы есебіне қарағанда, 5 миллиард долларға жуық біздің дебиторлық қарыз тұр. Сыртқа кеткен валюта. Соның жартысына жуығы мерзімінен асып кеткен дебиторлық қарыз. Міне, осы жерде үлкен күмән туғызатын мәселелер жатыр. Кім мұны тексереді? Бүгінгі таңда валюталық бақылауды Ұлттық банктің өзіне беріп қойдық. Ұлттық банк осы валюталық операцияның операторы.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу