Әлеуметтік әділдік арқылы экономикалық өрлеу - бүгінгі басқосудың басты тақырыбы. Елордада басталған «Ашық экномика» форумының ашылу салтанатында «Сорос-Қазақстан» қорының басқарма төрағасы Антон Артемьев осылай деді. Күн санап күрделеніп, құбылып тұрған экономикалық өзгерістер көшінен қалмау үшін не істемек керек? Алыс-жақын шетелден келген сарапшылар осы төңіректе баяндама жасады. Жер жүзіндегі үздік тәжірибелерді қазақстандық тұрмысқа енгізу жолдарын айтты. Елімізде жүзеге асып жатқан инфрақұрылымдық өзгерістердің экономикаға оң ықпалы сөз болды. Алғашқы форум барысында елдегі зейнетақы қоры, ақпаратттық технологиялардың экономикаға әсері секілді тақырыптар талқыға түсті. Форум дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп тұрмақ.
Сезар Идальго, Массачусетс технологиялық университетінің профессоры /АҚШ/:
- Менің мақсатым ұжымдық оқытуға, яғни, бүтін бір ұжымды ғана емес, ұйым, тіпті мемлекеттерді оқытуға бағытталған. Қоғамның білімді болуы ел экономикасына қаншалықты әсер ететіні жан-жақты зерттеледі. Аналитика, талдау және ұжымды бір ойға бағыттауға ықпал ету қазіргі қоғамда жетіспейді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ