Ералы Тоғжанов бастаған штаб өкілдері Сыр өңіріне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ералы Тоғжанов бастаған штаб өкілдері Сыр өңіріне барды

16.03.2020

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған штаб өкілдері Сыр өңіріне барды. Аймақтың эпидахуалын бағамдап, коронавирустің алдын алуға бағытында қабылданған шараларды пысықтады. 

Елордадан келген делегация мүшелері алдымен індетке күдікті деген адамдарды оқшаулайтын арнайы орталықтың әзірлігін көрді. Ғимаратта 100 адамды карантинде ұстауға мүмкіндік бар. Емдеу мекемесі қажетті медициналық құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмек қорымен толықтай қамтылған. Жалпы өңірде коронавирус жұқтырған адам тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Премьер-министрдің орынбасары мұнан соң облыс әкімдігінде шұғыл жиын өткізді. Пандемияның салдарынан туындаған әлемдік дағдарыс кезеңінде ел ішінде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, азық-түлік тапшылығын болдырмау және жұмыспен қамту мәселесін басты назарда ұстап, тиісті шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу