Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам анықталды

17.03.2020
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам анықталды

Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді. 

«Бүгін сіздерге Алматы қаласында қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар анықталуда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.

Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай - Нұр-Сұлтанда, 11 факті - Алматыда тіркелген.

Хабарламаларға жазылу