Бұл туралы Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Үркен Бисақаев мәлімдеді.
Жерлестеріміздің басым бөлігі Египетте: 2 мыңнан астам. Біріккен Араб әмірлігі мен Тайланда мыңға жуық, Үндістан мен Мальдив аралдарында да ондаған жерлестеріміз бар. Отандастарымызды екі ірі әуе компаниясының көмегімен елге қайтару жоспарланып отыр. Төтенше жағдай уақытында тағы 5,5 мың адам 2,7 миллиард теңгенің жолдамасынан бас тартулары тиіс. Туристік операторларға олардың 4 мыңнан астамы жүгінген. Басты мәселе әуе компаниялары сатқан билеттерін қайтарғылары келмеуінен туындап отыр. Қазір олармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Оңғар Алпысбайұлы