Наурыздың 10-ы Мәскеуден Алматыға ұшып келген ол Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге оқшауландырылған. Оны полицейлер Арыстағы әке-шешесінің үйінен тауып әкелген .
Ал Қарағандыда екі адам дәрігерлер бақылауына алынды. Ерлі-зайыптылар Миланда демалған. Ақпан айында отау құрған жұп алдымен Ресейге ұшып келіп, кейін 9 наурызда елге оралған. Сол күннен дәрігерлердің бақылауында, үй жағдайындағы карантинде болған.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты дәрігерлер оларды госпитальдық карантинде ұстау туралы ұйғарымға келген.
Қазір медициналық сараптамаларды өтіп жатқанын қала тұрғыны инстаграмм парақшасында атап өткен. Облыста үй жағдайындағы карантинде 400 адам бар. Ал 41 адам госпитальдық бақылауда.