Азық-түлікті қымбатқа сатқандар жауапкершілікке тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлікті қымбатқа сатқандар жауапкершілікке тартылады

17.03.2020

Азық-түлікті қымбатқа сатып, халықтың қалтасын қағатын кәсіпкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Президент жарлығы бойынша, осы аптаның соңына дейін баға тұрақталуы тиіс. Әйтпесе шекті баға белгілеуге мәжбүрміз,-деді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Бұл нарықтық экономикаға сай келмесе де, қиын аралықта жұртшылықты қолдау керек. Сондай-ақ ведомстволар өңіраралық байланыс орнатып тапшы тауарларды бөлуді жоспарлап отыр. Егер жекелеген дүкендердің жұмысы баяуласа, жолға көшпелі сауда шығады. Өндірушілер тұрғындармен делдалсыз сауда жасайды.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу