Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында эпидемияға қарсы қосымша шектеу қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында эпидемияға қарсы қосымша шектеу қойылады

17.03.2020

Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Жиында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы жауапты министрлер баяндама жасады. Комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында вирус таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, оның басқа қалаларға таралуының алдын алу мақсатында екі қалада қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Айбек ҚОБДАБАЙ


Хабарламаларға жазылу