Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
1998 жылғы студенттен вирус анықталды. Ол 15 наурызда Стамбұлдан ұшып келген. Екінші науқас - 1974 жылғы әйел, 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген.
Дертке шалдыққандардың жалпы саны 35-ке жетті. Осы сағатта Алматыда 17 адамнан, Нұр-Сұлтанда 18 адамнан анықталды.