Қазақстандағы билік транзиті бейбіт және Конституция талаптарына сай өтті. Сарапшылардың пікірінше, еліміздің ең жоғарғы лауазымының тізгіні кейбір елдердегідей революцялық емес, эволюциялық жолмен берілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан бір жыл бұрын қабылдаған тарихи шешімнің маңыздылығы осында жатыр.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елдегі ішкі жалпы өнім 61 пайызға, өнеркәсіп 28 пайзыға қысқарып, 130 өндіріс жабылған. Нәтижесінде, жұмыссыздар саны 2 миллионға жетті, демография 10 пайзыға қысқарды. Бұл шұғыл шешуді қажет ететін мәселелердің бір бөлігі ғана. Осындай қиын кезеңде Қазақстанның Тұңғыш Трезидентіне үлкен жауапкершілік жүктелді.
Қазақстанды осындай қиын кезеңдерден алып шыққан Елбасы былтыр 19 наурызда өз өкілеттілігін тоқтатып, жаңа буынға жол берді. Мемлекеттің басқару құрылымы білімді де, білікті кадрлармен толықты. Ал еліміздегі саяси сабақтастықтың сақталуы тұрақты дамуға негіз болды.
Қазақстандағы билік транзитінің бейбіт өткені әлемдік қоғамдастық тарапынан лайықты бағаланды. Өркениетті жолмен берілген сабақтастықты, еліміздің ішкі және сыртқы саясатына қатысты стратегиялық жоспарды ендігі жерде әлемнің әр түкпірінде оқып қайтқан озық ойлы, білімді де, білікті буын одан әрі жалғастыруда.
Азат РЫСТАНБЕК