Шетелде жүрген қазақстандық туристердің алды елге қайтарыла бастады. Мәселен, өткен 2 тәулік ішінде Үндістанның Гоа аралында демалып жатқан 453 отандасымыз коронавирусқа байланысты мәжбүрлі түрде елге арнайы ұшақпен жеткізілді. Қазір олар карантинде. Бұдан өзге төрт мыңнан астам отандасымыз әлі Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Таиланд және Мальдив аралдарында жүр. Оларды қайтару үшін 17 әуе рейсінің ұйымдастарылады.
Досжан МАРАТҰЛЫ