Әскери қызметшілер де карантин жұмыстарына тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери қызметшілер де карантин жұмыстарына тартылды

19.03.2020

Әскери қызметшілер төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге кірісті. Оған қарулы күштердің биологиялық бөлімшесі тартылып отыр. Короновирустың әрі қарай таралмауы үшін шекара бекеттерінде күндіз-түні қарауылда тұр. Жеке құрам мен арнайы техника қауіп төндіретін аумақтар мен нысандарға дезинфекция жүргізуге дайын. Азаматтардың денсаулығын қорғауға қажетті медициналық көмек көрсетуге әскери медициналық мекемелер де дайын отыр. Ол үшін 24 бригада құрылған. Әскери басшылық халықтан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрап отыр .

Осындай жұмыс Алматы қаласында да ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер ішкі істер органдарымен бірлесе жұмыс істеп, полиция қызметкерлеріне қол ұшын созады. Жергілікті елді мекендердерді патрульдеу және карантиндік аймақтарда блок-бекеттерді күшейту, адамдар қозғалысының тез реттелуі мен вирустың ел аумағына таралуын азайтуға көмектеседі.

Әсима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу