Қытайда Хубэйден тыс жерде COVID-19-дан емделіп жатқан науқастар саны 282-ге қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда Хубэйден тыс жерде COVID-19-дан емделіп жатқан науқастар саны 282-ге қысқарды

20.03.2020
Қытайда Хубэйден тыс жерде COVID-19-дан емделіп жатқан науқастар саны 282-ге қысқарды

Қытайдағы Хубэйден тыс жердегі ауруханаларда COVID-19-ға шалдыққан 282 науқас емделіп жатыр. Елдегі науқастардың 87,9 пайызы дертінен айыққан. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 80 967-ге жетті. Оның 71 150-і емделіп, ауруханадан шығарылды.

Хубэйдегі ауруханаларда қазір 6287 науқас жатыр, ал провинциядан тыс жерде тек қана 282 науқас ем алуда.

Эпидемия өршіген сәттен бастап Қытайдың Хубэй аймағын санамағанда 13 167 адамнан коронавирус анықталды. Оның 116-сы шетелден жұқтырып келгендер. Өлім-жітім көрсеткіші 0,88 пайызды құрады. Ал індет ошағы - Хубэйде 67 800 адам дертке шалдыққан. Оның 3123-і көз жұмды. 

ria.ru

Хабарламаларға жазылу