Кәсіпкерлер үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылады

20.03.2020

Төтенше жағдай кезінде халықты азық түлік және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін қосымша 32 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Кәсіпкерлер үшін салықтық жеңілдіктер де қарастырылған. Шағын және орта бизнес өкілдері міндетті төлемнен уақытша босатылады. Жалпы тәртіпте жұмыс істейтін тағы 72 мың кәсіпкер 10 пайыздық жеке табыс салығынан босатылады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 300 миллиард теңге қарастырылып, 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Дүкендерде бағаны негізсіз өсіргендер қатаң жазаланады. Импорттық тәуелділікті азайтып, іштегі өндіріске ерекше басымдық беріледі.

Онлайн брифинг барысында Ералы Тоғжанов шетте жүрген 5 мыңнан астам қазақстандықтарды елге әкелу мәселесін де айтты. 23 наурызға дейін 18 рейс ұйымдастырылмақшы. Бұларды елге жеткізу бюджеттен емес арнайы қор есебінен жүргізіледі. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу