Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ахуал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ахуал

20.03.2020

Қазір барлығы 8 тұрғын үй кешені қоршауға алынған. Мәселен, біз тұрған «Алматы тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі көпқабатты 4 үйде 320 пәтер бар. Шамамен, 1000 адам тұрады. Олар азық-түлік, дәрі-дәрмекке жеткізу орындарына тапсырыс беріп, бақылау бекеттерінен алып жатыр. Барлық оқшауланған аймақта полицейлер мен арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар 15 күндік карантинге жатқызылды.  

Эпидемиологиялық тексеріс нәтижесі бойынша, Алматы аумағында COVID-2019 вирусының 10 ошағы анықталды. Жетісу мен Алатау -1, Түріксіб ауданы -2, Алмалы мен Медеу - 3.

Ал науқастарға келетін болсақ, бүгін балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқан екі жасар қыз баланың жағдайы күрт нашарлады. Дәрігерлер ода жөтел бар және рентген оның оң жақты пневмония екенін көрсетті. Сонымен қатар, бүгін анықталған 3 науқастың біреуі 12 наурыз күні ұшып келген Берлин Алматы рейсінің бортсерігі екені анықталды. Дәрігерлер науқастардың жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты. Жалпы Алматыдағы коронавирус жұқтырғандар саны - 22 адам.

Қазір Алматыда 696 адам стационарларда ем алып жатыр. Ал үй карантинінде жатқандар бірден 400 адамға көбейіп, жалпы 1108 адам жатыр.

Жазира ОРАЗ


Хабарламаларға жазылу