Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6 адамға жетті. Олардың барлығы Умра қажылығына барып келген. Ал Түрікменстан билігі қауіп күшейгендіктен, ел астанасы Ашхабадты оқшаулап, өңірлер бойынша қозғалысты шектеді.
Италияда вирустан қаза болғандар саны Қытайдан да асып кетті. Жұқпалы дерттен елде 3400-дей адам көз жұмған. Ауруханаларда орын жетпей, енді науқастар круиздік лайнерде емделетін болды.
Жұқпалы індет Францияда да өршіп тұр. Елде қауіпті инфекцияны 11 мыңдай адам жұқтырған.
Ал, Қытайда соңғы тәулікте инфекция жұқтырған 39 адам ғана тіркелді. Олардың барлығы шетелден оралған ел азаматтары. Енді вирус тек сырттан келіп жатқандықтан, елде пандемия тағы өршуі мүмкін.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ